ҚР Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Отанымыз – Мәңгілік елдің беделін арттыра беру – Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін.
Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, Ел қорғаны болуға тәрбиелейтін дәл осындай бірегей алаң.
Әскери-патриоттық қозғалыстың басты мақсаты – Өздеріңіз сияқты жалынды жастардың басын қосып, ел дамуына қажетті маңызды жұмыстарға белсене араластыру, күш жұмылдыру. Отан үшін аянбай еңбек ету – баршамызға ортақ мақсат,
Жасампаздық, бейбітшілік пен келісім, халқымыздың бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік және бәрімізге ортақ тағдыр жолы – біздің халқымызды біріктіретін құндылықтар. Бұл құндылықтар – жастардың басты бағдарына айналуы тиіс.
Отанымыз – Мәңгілік елдің беделін арттыра беру – Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін.
Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын Ашық деп жариялаймын, – деді Мемлекет басшысы.