Home Саясат Президент Қазақстан болашағының негізгі сұлбасын үштаған ұғымы арқылы сипаттады

Президент Қазақстан болашағының негізгі сұлбасын үштаған ұғымы арқылы сипаттады

44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан болашағының негізгі сұлбасын үштаған ұғымы арқылы сипаттады.

Тоқаев елі.лы, оны әркім әрқалай түсінуі мүмкін екенін жеткізді.

«Алайда оның негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттауға болады. Бұл үшеуі бір-бірінен бастау алады және өзара тығыз байланысты. Еліміз стратегиялық бағдарынан ешқашан ауытқымайды. Біз мықты демократиялық институттары және дамыған құқықтық жүйесі бар Әділетті мемлекет құрамыз. Ел ішінде заң мен тәртіп қатаң сақталады. Бұл – саясатымыздың тұғырлы қағидаты», – деді Президент.

Мемлекет басшысы біздердің баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін қоғам қалыптастырып жатқанымызды баса атап өтті.

«Адал азаматтар табанды еңбегімен еліміздің дамуына өз үлесін қосады. Біз «бірлігіміз – әралуандықта» деген қағиданы берік ұстанып, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтайтын боламыз. Түрлі діндер мен конфессияларды жақындастыруды және қазіргі заманғы өзекті мәселелерге қатысты диалог орнатуды көздейтін мәртебелі миссиямызды атқара береміз. Біз азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын, барша әлемнің кәсіпкерлері, инвесторлары мен талантты адамдары қызығатын ашық әрі дамыған экономика құрамыз».Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыратындығымызды айтты.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда Елтаңба өзгеруі мүмкін
Келесі жазбаКелесі Ұлттық құрылтай қайда өтетіні белгілі болды