Home Жаңалықтар Порошенко Зеленскийге пікірсайысты 14 сәуірде өткізуді ұсынды

Порошенко Зеленскийге пікірсайысты 14 сәуірде өткізуді ұсынды

50

Украина президенттігінен үміткер Петр Порошенко қарсыласы үміткер Владимир Зеленскийді пікірсайысты 14 сәуірде өткізуді ұсынды. Петр Порошенко бұл жайлы 7 сәуір кешке «Украина» телеарнасының эфирінде айтты. Бұған дейін екі үміткер пікірсайысты Киевтегі Олимпиада стадионында өткізуге келіскен.

Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінің қорытындысына сәйкес, актер Владимир Зеленский – сайлаушылардың 30,24 пайыз дауысын, ал Петр Порошенко 15,95 пайыз дауыс алған.

Президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірге белгіленген.

Алдыңғы жазбаШөкеев Түркістанды дамытудың 5 тетігін атады
Келесі жазбаТоқаев: Денсаулық сақтау саласына бюджеттен бір триллион теңгеден астам қаржы бөлінген