Home Жаңалықтар Петропавлда екі бала иіс тиіп қайтыс болды – Тосын жай

Петропавлда екі бала иіс тиіп қайтыс болды – Тосын жай

49

Солтүстік Қазақстан облысында балалар газ иісіне уланып қайтыс болды, – деп хабарлайды Петропавловск.news.

Өңірлік ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 наурызда қатты отынмен жылытылатын пештің ақаулығына байланысты екі бала иіс тиіп қайтыс болды. 

Кәмелетке толмаған екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, кішісінің жағдайы тым ауыр болған, ал оның ағасы 8 жастағы баланың жағдайы – орта деңгейлі қалыпта болған. 

«Адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында СҚО ТЖ департаменті тұрғындарға өз үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жағдайын тексеруді, пешпен жылытуға және электр сымдары мен электр құралдарының жарамдылығын тексеруді ұсынады. Үйде пештер мен электр жылытқыштар бар адамдардың барлығы олардың жарамдылығын тексерулері тиіс. Егер қандай да бір кемшіліктер анықталса, оларды дереу жою қажет», – деп нақтылады ведомство өкілдері. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚызылорда облысында тікұшақ апаты болған жерде түсірілген видео пайда болды – Тосын жай
Келесі жазбаЭкипаж қаза тапты – Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақ жайлы – Тосын жай