Home Жаңалықтар Павлодар облысы Қазақстандағы көмірдің 60 % өндіреді

Павлодар облысы Қазақстандағы көмірдің 60 % өндіреді

52

Ертіс өңірінде жыл басынан бері тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық статистика департаментінің мәлімдеуінше, 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді. Ол жалпы облыс өнеркәсібі көлемінде 6,5 % құрайды.

«Көмір өндіру бойынша Павлодар облысы республикада бірінші орында (38 млн тонна). Мемлекетіміздің жалпы көмір өндірісіндегі (62,4 млн тонна) Павлодар облысының үлес салмағы 60,8 %. Келесі кезекте Қарағанды облысы – 32,9 % және Шығыс Қазақстан облысы – 6,1 % құрады», – дейді облыстық статистика департаменті. 

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде көмір және лигнит өндірісіне салынған инвестициялар 12,9 млрд теңге құрады. Бұл алдыңғы жылғы сәйкес кезең деңгейінен 2,1 есе төмен көрсеткіш.

2019 жылғы қаңтар-маусымда көмір өнеркәсібі жұмысшыларының облыстық орташа айлық еңбекақысы 216005 теңгені құрады, бұл республикадан 19,9 % (269604 теңге) төмен және облыстың өнеркәсібі еңбекақысынан 10,6 % жоғары көрсеткіш.

BAQ.KZ.

Алдыңғы жазбаАлтын орданы дәріптеп, Жошы ханды ұлықтау не үшін қажет?
Келесі жазбаТамыз 2019Белгіленбеген орынға қоқыс төккені үшін қанша айыппұл салынады?