Home Жаңалықтар Павлодар облысы әкімдігі «Бақауов ұсталды» деген хабарлама туралы пікір білдірді

Павлодар облысы әкімдігі «Бақауов ұсталды» деген хабарлама туралы пікір білдірді

38

Павлодар облысының әкімдігі «Болат Бақауов ұсталды» деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралып жатыр. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз», – делінген әкімдік хабарламасында.

Алдыңғы жазбаТоқаев: Биыл резервтегі 100 адамды жауапты қызметке тағайындауды жоспарлап отырмыз
Келесі жазбаРесей үкіметі отставкаға кетті