Home Жаңалықтар Оралдық тұрғындар арзан тұрмыстық техника аламын деп 124 млн теңгесінен айырылды

Оралдық тұрғындар арзан тұрмыстық техника аламын деп 124 млн теңгесінен айырылды

50

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 1991 жылғы әйелге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш сот ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес Орал қаласының прокурорының бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қарап, қанағаттандырды.

«Күдікті 2023 жылдан бастап алаяқтық жолмен өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында арзан бағада тұрмыстық-техникалық тауар алғысы келетін адамдарды тапқан. Сосын оларды алдау арқылы ақшаларын жымқырып, алаяқтық жолмен 123 млн 994,370 мың теңге шығын келтірген», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың 3-бөлігі 2-тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Алдыңғы жазбаБатыс Қазақстанда еріген қар суы жолды шайып кетті
Келесі жазба«Оян, Қазақ!»