Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері жалған полицейді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған Dodanews.
Тәртіп сақшылары Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 34 жасар жерлесіне тиесілі 100 мың теңге ақшаны алдап алып кеткенін анықтады.
Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында «страйкбол» ойынына арналған автомат, аталған автоматтың 1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көз ойықтары бар қара түсті бетперде табылып, тәркіленді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қайрат Болатұлы