Оралда көппәтерлі үйде өрт шықты, – деп хабарлайды «Мой ГОРОД» басылымы.
Басылымның мәліметінше, өрт кеше, 14 наурызда шамамен сағат 07.00-де «Айгүл» базарының маңында болған.
БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтығанын хабарлады.
«Төрт пәтерлі үйдің шатыры өртенді. Өрт сағат 8.10-да толықтай сөндірілді. Өрттің себебі, пәтерлердің иелері және төтенше жағдайға кінәлі адамдар анықталып жатыр», – деді Ерлан Төрегелдиев.
Оқиға орнына 11 өртсөндіруші мен үш дана техника жұмылған.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz