Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді.
Мемлекет басшысына бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы туралы мәлімет берілген
«Атап айтқанда, «ӨКМ операторы» ЖШС-не қатысты аяқталған қылмыстық істер бойынша Қостанай және Қарағанды облыстарындағы жалпы құны шамамен 20 миллиард теңге болатын 2 зауыт мемлекет меншігіне өтті», – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыс тіркеліп, 1324 адам әшкереленгені баяндалды. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1221 іс сотқа жіберілді.