Home Жаңалықтар Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды

Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды

39

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа министрлік құрылатынын мәлімдеді.

«Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады», – деді Президент.

Алдыңғы жазбаТоқаев Қауіпсіздік кеңесінде құмар ойындарға қатысты тапсырма берді
Келесі жазбаПрезидент Тимур Сүлейменовті Ұлттық банктің төрағасы қызметіне тағайындады