Тиісті құжатқа бүгін, 2025 жылдың 17 ақпанында Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған Ақорданың Telegram арнасындағы хабарламада.
Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда дүниеге келген.
Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылордадағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады.
1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы №9 орта мектепте жұмысын жалғастырды.
1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2001-2006 жж – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінің бас инспекторы, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы.
2006-2007 – ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, бөлім бастығы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2007-2010 жж – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2012 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012-2015 – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2015-2018 – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2018-2021 – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі.
2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап – Семей қаласының әкімі.
2021 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың маусым айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі лауазымында еңбек етті.
2022 жылдың 24 маусымынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды.
2022 жылғы ақпаннан маусымға дейін – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі, 2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы қыркүйекке дейін – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
Жаңа тағайындалғанға дейін 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың 16 маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев болды. 2025 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды және бұрын атқарған қызметінен босатылды.