Home Жаңалықтар Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандарға қатысты жаңа деректер шықты — Тосын жай

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Қаза тапқандарға қатысты жаңа деректер шықты — Тосын жай

260

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Автобус жүргізушісінің артында төрт баласы қалды, ал жолаушы келіншек отбасының жалғыз асыраушысы болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қаза болған Айзат Нұрекенова Қарағанды облысында тұрған. Денесін жеткізуге көмектесеміз. Ол отбасының жалғыз асыраушысы болған, артында кәмелетке толмаған баласы қалды», —  деді брифинг барысында  «Астана ЛРТ» басшысы Бекмырза Игенбердинов. 

«Күшті соққының даусы естілді». Куәгерлер Нұр-Сұлтанда болған апат жайлы айтып берді

«Жүргізуші Оспанов Абай Амангелдіұлы. Оның үйіне барып қайттық, артында төрт баласы қалды», — деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әлихан Қуатбеков.

«Астана ЛРТ» басшысының айтуынша, жүргізуші таңғы сағат 06.30-да медициналық тексерістен өткен. Денсаулығына қатысты ешқандай проблема болмаған. 2018 жылдың желтоқсанында жыл сайынғы медициналық тексерістен өткен.

Еске салайық, бүгін, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы бодды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан.

Кейінірек қаза тапқандар жайлы ақпарат берілді. «Қазіргі жағдай бойынша 27 адам зардап шекті, екі адам қаза тапты. Олар — 66 жастағы автобус жүргізушісі және 26 жастағы жолаушы қыз», — деген еді елордалық әкімдік өкілдері.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЖаркент маңындағы апаттан үш адам қаза тапты — Тосын жай
Келесі жазбаКиік ату ісі: Күдіктілер арасында «Охотзоопром» инспекторы бар болып шықты — Қылмыс