Home Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда жалған ақша тарап кетті

Нұр-Сұлтанда жалған ақша тарап кетті

49

Нұр-Сұлтан қаласында 2000, 5000, 10000, 20000 теңгелік номиналдарда жалған банкноттар жасаған бір топ адам ұсталды. Ұсталғандардың жалған ақшалары елорданың азық-түлік дүкендері мен сауда орындарында жұмсалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Қазіргі уақытта барлық тұлғалар қамауға алынды, жалған ақша шығаратын құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. ҚР ҚК 213-бабына сәйкес «жалған ақша немесе құнды қағаздарды өндіру, сақтау, тарату немесе сату» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – делінген хабарламада.

2000, 5000, 10000, 20000 теңгелік жалған банкноттарды тапқан жағдайда, тұрғындардан Нұр-Сұлтан қаласындағы Экономикалық тергеулер департаментіне мына мекен-жай бойынша хабарласуды сұрайды: Желтоқсан, 43 немесе сенім телефоны бойынша: 8 (7172) 31-61-45

 

 

 

Алдыңғы жазбаДін тақырыбында өткен журналистер байқауы аяқталды
Келесі жазбаСоңғы шешімді Назарбаев емес, Тоқаев қабылдайды – Берік Уәли