Home Жаңалықтар Нью-Йоркте тікұшақ зәулім үйге соғылды

Нью-Йоркте тікұшақ зәулім үйге соғылды

235

Нью-Йорктің Манхэттен ауданында 54-қабатты кеңсе ғимаратының шатырына тікұшақ соғылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың өрт сөндіру басқармасына сілтеме жасап.

«Нью-Йорк өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері Жетінші авеню, 787 мекенжайына жетті. Тікұшақ қатты қонған», — деп хабарлады ведомство өкілдері Twitter желісінде.

CNW видеосында тікұшақтың бірер сәт басқарусыз ұшып келіп, апат жағдайында ғимарат үстіне құлағаны көрінеді.  Кейін ведомстводағылар бір адамның қаза тапқанын хабарлады

https://twitter.com/ConflictsW/status/1138148631247237120

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматыда бірнеше ғимаратқа «жарылғыш зат» қойылды
Келесі жазбаЕлдегі митингтерге қатысқаны үшін 700-ге жуық адам ұсталды