Home Жаңалықтар Назарбаев Таразда болған төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді – Ел жаңалықтары

Назарбаев Таразда болған төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді – Ел жаңалықтары

61

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таразда болған төтенше оқиғаға байланысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мен қаза болған адамдардың отбасыларына, туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Жарылыс болған жерде менің тапсырмаммен комиссия мүшелері құрылып, сол жерге жөнелтілді. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап, керекті көмек қолын созады. Бұл жағдайда қажетті адамдарды шақыртып, олардан үйдегі пештің жағдайы жайлы сұрау керек. Бұл іспен енді премьер-министр айналысуы керек пе? Бұл жағдайларға әрбір отбасы жауапты. Бұл қауіпті, газды ұқыпты қолдану керек», – деді Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезінде. 

Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тапқан және 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба40 мың пәтер мен 2 пайыздық несиелер – Назарбаев көпбалалы отбасыларға көмек жайлы – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАминка Витаминка Nickelodeon премиясына ұсынылды – Шоу-бизнес