Home Жаңалықтар Назарбаев мәлімдеме жасады – Ел жаңалықтары

Назарбаев мәлімдеме жасады – Ел жаңалықтары

44

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске берген өтінішіне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әрине, бұл барлығы үшін қызық… Ең қызық деген сұрақтар – сайлау, транзит. Конституцияны оқыңыздар, Президент жайлы заңдарды оқыңыздар. Онда барлығы нақты көрсетілген. Мерзім келгенде сайлау өтеді. Иә, Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар. Бірақ бізде олай болмайды. Тынышталып, дұрыс жұмыс істейік», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, мұның алдында Конституциялық кеңестің Президенттің өтінішін қабылдағаны жайлы хабарланған болатын. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде», – делінген еді ресми сайтта.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаМұхамедиұлы мен оның министрлігі қаза тапқан қыздардың отбасына бір күндік жалақысын аударады – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаҚаза тапқан қыздардың ата-анасы көмек сұрамаған – Вице-министр – Ел жаңалықтары