Home Жаңалықтар Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

59

Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды.

«29 сәуірде Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды. Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», – деп жазыл5ан «Қазақконцерт» бірлестігінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, әнші өзінің жеке парақшасында да жаңалықпен бөлісті.

«Әр жетістігім сіздердің қолдауларыңыздың арқасы! Рахмет!» – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған еді.

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚазақстан каратэшілері ерледі
Келесі жазбаЖеңіс Қасымбек «FlyArystan» билеттері бағасының айырмашылығын түсіндірді