Home Басты жазба «Міржақып. Оян қазақ» фильмі екі номинация бойынша үздік деп танылды

«Міржақып. Оян қазақ» фильмі екі номинация бойынша үздік деп танылды

414
«Міржақып. Оян қазақ» фильмі «Сыншылар таңдауы» байқауында бірнеше номинация иеленді.
Сүйінші хабармен фильмнің продюсері режиссері Мұрат Есжан Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

«Міржақып. Оян, қазақ» фильмі «Сыншылар таңдауы» байқауында 80 фильмнің арасынан 10 номинацияның төртеуінде, яғни «Көрермен таңдауы», «Үздік сценарий», «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік екінші пландағы әйел бейнесінде» бақ сынап, екеуінде үздік атанды. Біз үшін қымбат жеңіс – «Көрермен таңдауы» және осы фильмнің бас актері Бақыт Қажыбаев ағамыздың «Үздік ер адам бейнесін» алуы. Сериал боп басталып, фильмдермен бақ сынадық. Осы жобаның барша тілеулестерін құттықтаймын», – деп жазды ол.Айта кетсек, елімізде көрермендерге жол тартқан отандық тарихи фильм – «Міржақып. Оян, қазақ» аншлагқа ие болды. Оның көрсететілімінің тоқтауына байланысты кейбір түсінбестіктер де орнады. Бұдан кейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған фильм прокатына қатысты толыққанды мәлімет ұсынған еді.

Алдыңғы жазбаБатыс Қазақстанда суға кеткен 820 үйге тұрғындар қайтып оралды
Келесі жазбаНАТО елдері Украинаға көбірек әуе қорғанысы жүйелерін беруге келісті