Home Жаңалықтар МЕН БІРЕУДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАП ЖҮРГЕН ЖОҚПЫН!!!

МЕН БІРЕУДІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАП ЖҮРГЕН ЖОҚПЫН!!!

41

Жақында ғана Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі ретінде президенттің қабылдауында болған едм. Халықтың көкейінде жүрген ой-арманын, арыз-тілектерін жеткіздім. Өз ұсыныстарымды айттым. Әрине экологиялық қоғамдық ұйымды басқарып отырған соң, еліміздегі экологиялық жағдай сөз болды.

Соның ішінде тұрмыстық – техникалық қалдықтарды қайта өңдейтін «РОП» ЖШС жөнінде де айта кеткен едім. Араға көп уақыт салмай мені «ҰҚСК мүшесі Азаматхан Әміртай президент қабылдауында болып, жеке компанияның мүддесін қорғады» деп айыптайтын мақалалар жарық көре бастады. Нақтылай түсетін болсақ, «Ведомости Казахстана» (kazvedomosti.kz) сайты «Авторитет Касым-Жомарта Токаева начинают использовать в экономических играх» және «Central Asia Monitor» (camonitor.kz) сайты «Этично ли использовать статус члена НСОД и встречу с президентом в подобных целях?» атты мақала жариялады. Бұлардың маған артып отырған кінәсі «РОП» ЖШС жөнінде бар шындықтың бетін ашып салғаным. Кеше осы мақалаларды бетке ұстап қазақ тілді «Абай кз» сайты «Бұл экологиялық апаттың дабылы ма, әлде бизнестегі лоббилік пе?» деген мақала жариялапты. Бұл сайттар неге маған сұқ саумақтарын шошайтып әңгіме қозғап жатқанын түсінбедім. Ақиқатын айтсақ «РОП» ЖШС немен айласып жатыр? Соған келейік. «РОП» ЖШС жеке фирма. Өз қожайындары бар. Директоры Светлана деген украинаның азаматшасы. Бұлар жылына кем дегенде 100-150 миллиард теңге болатын қайта өңдейтін қалдықтар жинайды. Олардың жұмыс жасағанына 4 жылдай болып қалды. Осы жылдар ішінде біршама қаражат жинап алды. Шамамен 1 миллиард доллар деуге болады. Ол қаржы қайда? Мәселе сонда. Ол мемлекеттің қазынасына түсе, онда жақсы. Халықтың зейнетақысы т.б төленеді дегендей. Түспесе ше? Яғни өте үлкен қаржы жеке фирманың шотында жатыр. Бәлкім банктерге салып үстеме пайыздың (14 -16 пайыз) қызығын көріп отырған болар. 1 миллиард доллардан кемдегенде жылына 160 миллион доллар пайда көреді. Бұл қаржы қайда? Мен осы мәселені президентке жеткіздім. Осыншама қаржы жеке берудің қалтасына емес, мемлекеттің қазынасына түскенде ел экономикасына біршама көмек болар еді. Осы айтқандарым біреулердің шамына тиіп кетсе керек. Соңыма шам алып түсе бастады. Мен ешкімнің мүддесіне яғни бизнесттік лоббимен айналысып жүрген жоқпын. Мен экологпын. Маған қоршаған ортаның амандығы, табиғаттың саулығы керек. Және қоғамдағы кез – келген жағдайдан тыс қала алмаймын. Әділеттің жақтаушысымын. Халықтың сөзін сөйлеушімін. Халықтан жинап алған қалдықтардың ақшасы жеке біреудің емес, мемлекеттің қазынасына түскенін қалайтын адаммын. Сондықтан менің атымды атап қаралап мақала жариялаған блогерлердің үстінен сотқа арыз даярлап жатырмын. Олар мені біреудің мүддесін қорғады десе дәлелдесін. Ал дәлелелі жоқ болса, ренжімесін. Айтпақшы кеше «РОП» ЖШСның басшысы ауысқанын естідім. Бұрын Светлана атты Украиналық адам еді. Өз елімізде өзіміз басқаруымыз керек қой. Осы тараптан ендігі кезекте министрліктен экологияда қызмет атқарған Медет Құрмағалиев мырза РОПты басқарды. Кішкентай болсада қуаныш, жеңіс. Қажет болса алдағы уақытта осы «РОПты» жекеден алып, мемлекет қарауына өткізген жөн болар еді.
Азаматхан ӘМІРТАЙ «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі

Алдыңғы жазбаҚытай NYT жариялаған Шыңжаң жайлы құпия құжаттарды «фейк» деп атады
Келесі жазбаМемлекет басшысы Швейцария Президенті Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді