Home Жаңалықтар Мектепті діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек: Қошанов хиджаб туралы

Мектепті діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек: Қошанов хиджаб туралы

229

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов мектепте хиджаб киюге байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Қазақстан зайырлы мемлекет.

«Біздің Конституциямыз дін бостандығын шектемейді, діни рәсімдер жасағысы келетіндерге ешқандай кедергі жоқ», — деді Қошанов.

Оның сөзінше, мектеп саяси және діни ағымдардың орталықтарына айналмауы керек.

«Мектеп — бұл оқу орны. Оқушының негізгі міндеті — оқу. Біз мектепті саяси немесе діни ағымдардың орталықтарына айналдырмауымыз керек. Біз мұғалім мен балаларды басқа мәселемен алаңдатпауымыз керек. Министрлік бекіткен мектеп формасының стандарттары бар. Бұл талаптарды орындау қажет», — деді ол.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда блогерлер туралы заң күшіне енді. Бұл туралы не білу керек?
Келесі жазбаҚазақстанда көлік салығы кімдер үшін жеңілдетіледі?