Home Жаңалықтар Масанчи ауылында болған жанжалдың видеосы: полиция мән-жайды айтты

Масанчи ауылында болған жанжалдың видеосы: полиция мән-жайды айтты

232

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданы Масанчи ауылындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Полиция қақтығысты тоқтатты, жағдай бақылауға алынды», — делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысы ПД өкілдері азаматтарды ресми мәліметке ғана сенуге шақырып, қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Айта кетейік, жалған ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарату — қылмыс, оның жазасы үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін.

Алдыңғы жазбаҚазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі ТОП-20 елдің қатарына енді
Келесі жазбаБейбіт жиналыстар туралы Заң жобасының тұжырымдамасы қоғам талқысына шығарылды