Home Жаңалықтар Марат Тәжин елші болып тағайындалды

Марат Тәжин елші болып тағайындалды

38

Марат Тәжин Чех Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Марат Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор. 1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.

1992 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.

1994—95 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.

1995—99 жылдары — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.

1999—01 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

2001 жылы — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.

2002 жылы — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2002 жылы тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.

2006 жылдың сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.

2007 жылы 11 қантарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2009 жылы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды.

2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын.

2014 жылдың 11 ақпан күні ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2019 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Мемлекеттік хатшысы болған.

Алдыңғы жазбаАлматы мәслихаты Ганди паркін рұқсат етілген митингіге арналған алаң ретінде ұсынды
Келесі жазбаТоқаевтың сөзі жерде қалмады: домбыра сабағы енгізіледі