Home Жаңалықтар «Ливерпуль» УЕФА суперкубогының иегері атанды

«Ливерпуль» УЕФА суперкубогының иегері атанды

49

УЕФА суперкубогының финалында кездескен «Ливерпуль» мен «Челси» ойынның негізгі уақытында жеңімпазды анықтай алмады. Қос клуб арасындағы қызықты матч пенальти сериясына дейін барып, Юрген Клопптың шәкірттері лондондық ұжымнан айласын асырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтық мәре Түркияның Ыстамбұл қаласында өтті.

Тартысты өткен ойында есепті «Челси» клубы ашты. Лондондық ұжымның шабуылшысы Оливье Жиру «Ливерпуль» қақпашысынан айласын асырды.Е кінші таймның басында Юрген Клопптың шәкірттері таразы басын теңестірді.

Ойынға тыңнан қосылған «Ливерпуль» шабуылшысы Роберто Фирмино нәтижелі паспен көзге түсті. Гол авторы – Садио Мане.

Финалдық матчтың негізі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Алғашқы экстра таймда сенегалдық шабуылшы екінші мәрте көзге түсіп, «Ливерпуль» құрамасын алға шығарды.

Бұл жолы да Роберто Фирмино голдық пас берді.

Бірнеше минуттан кейін «Ливерпульдің» айып алаңында қақпашы ойын ережесін бұзды.

«Челсидің» жартылай қорғаушысы Джорджиньо 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындады.

Негізгі және қосымша таймда жеңімпазды анықтай алмаған қос клуб пенальти сериясына жүгініп, «Ливерпуль» «Челсиден» басым түсті.

Алдыңғы жазбаАлматыда дабылды ескерту жарияланды
Келесі жазбаҚазақстандықтар 100 теңгеден қате тауып алды