Home Жаңалықтар Литва халқы тәуелсіз кандитатты президент етіп сайлап алды

Литва халқы тәуелсіз кандитатты президент етіп сайлап алды

46

Литвада президент сайлауының екінші туры аяқталды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Дауыстарды санау нәтижесінде тәуелсіз кандидат, экономист Гитанас Науседа жеңіске жетті. Оны халықтың 68,4 пайызы қолдап шықты. Оның әйел-қарсыласы, елдің бұрынғы қаржы министрі Ингрида Шимоните 30,3 пайыз дауыс алды. Дауыстар әлі де саналуда, бірақ сайлау нәтижесі одан айтарлықтай өзгермейді.

Литвада президент бес жылдық мерзімге сайланады, қайта сайлану мүмкіндігі бір рет қана беріледі. 2009 жылдан бері елді әйел-президент Даля Грибаускайте басқарып келген, ол 2014 жылы екінші мерзімге қайта сайланған еді.

Алдыңғы жазбаЗеленский өзіне қарсы митингіге шығып жатқандарды жазаламауды сұрады
Келесі жазбаТалғарда әйел адам көлік астына түсіп ажал құшты