Home Жаңалықтар Linkin Park солисінің қайтыс болғаннан кейінгі әні жарыққа шықты – Әуен

Linkin Park солисінің қайтыс болғаннан кейінгі әні жарыққа шықты – Әуен

44

Америкалық Lamb of God тобының гитарисі Марк Мортон Linkin Park солисі Честер Беннингтон қайтыс болғанға дейін бірнеше күн бұрын бірге жазған әнді жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Cross Off деп аталатын трек Мортонның Anesthetic дебют альбомына кірді. Оның релизі 2019 жылы 1 наурызға белгіленген. 

Еске салайық, Linkin Park тобының 41 жастағы солисі Честер Беннингтон 2017 жылы 21 шілдеде Калифорниядағы Палос-Вердес-Эстейтстегі үйінде өлі күйінде табылған еді. Музыкант Палос-Вердес-Эстейтс қаласындағы ботаникалық бақта жерленді. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаОлжас Сүлейменов: «Қазақ тілі өссін десек, компьютерден бас тартуымыз керек»
Келесі жазбаӨскемен тұрғыны жарылыстардың дыбысынан сескеніп қалған – Ел жаңалықтары