Home Жаңалықтар Лакшми Митталдан құтылдық

Лакшми Митталдан құтылдық

41

46 адамның өмірін жалмаған Костенкодағы апаттан кейін Қазақ үкіметі Арселор Митталға тиесілі кеніштерді сатып алды.

Мәміле бойынша, акциялар құны – 286 миллион доллар.

Бұл қаражатты үкімет емес, отандық жаңа инвестор төлейді. Үнді олигархы Лакшми Митталдың орнына жаңадан келген инвестор – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев.

Лаврентьев – Allur компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы: оған «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кіреді.

Үкіметтегілер ArcelorMittal өкілдерін «Қазақстан халқына” қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңгеге (34,6 млн АҚШ доллары) жарна аударуға көндірдік деп отыр.

ArcelorMittal Temirtau атауына да ребрендинг жасалып, жақын арада QARMET деп өзгертілетін болды.

Алдыңғы жазба2,5 миллиард кітап: Ыстамбұлдағы кітапхана несімен таңғалдырады?
Келесі жазбаЗейнетақы жинағын алу: 2024 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды