Home Жаңалықтар Кімге, қанша? Сапарбаев зейнетақы ақшасын халыққа қайтару туралы айтты

Кімге, қанша? Сапарбаев зейнетақы ақшасын халыққа қайтару туралы айтты

46

Зейнетақы жинағындағы ақшаны шешіп алып, қазір пайдалану мүмкіндігі әрбір қазақстандықтың зейнетақы шотындағы жалпы сомасына байланысты болады, деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

– Зейнетақы жинағын зейнетақы жасына жетпей жатып пайдалану мүмкіндігіне келсек, иә, Президенттің тапсырмасы бар, қазір Үкімет барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселені қарастырып, ұсыныстар енгіземіз. Қарау керек, бірақ мұндай мүмкіндік есеп-шоттағы жинақтың сомасымен байланысты болуы керек. Қайткенде де алдымен тиісті есеп-қисаптар жасалып, содан кейін нақты ұсыныстар болады, деді ол.

2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкімет пен Ұлттық банкке халыққа зейнетақы жинағын зейнет жасына жетпей жатып-ақ пайдалану мүмкіндігін беру арқылы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізуді тапсырған болатын.

 

Алдыңғы жазбаТемір жол билетін сатуды реттейтін норма енгізіледі
Келесі жазбаҚазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясы аясында 10 мың оқушыға 200 млн. теңгенің көмегін көрсетті