Қырғызстанның Ош қаласында қырғыз-өзбек шекара аймақтар мәселелесі қаралып жатыр. Осыған орай Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Өзбекстан үкімет басшысы Абдулла Ариповпен кездесті.
Қырғыз үкімет аппаратының хабарлағанындай, премьер-министрлердің кездесуінде екі ел арасындағы ынтымақтастық және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар үкімет басшылары еларалық шекара мәселесін ынтымақтастық жолмен шешу, бұдан ары өркендету мәселесін де қарады.
Қырғызстан тарапы Ошқа келген өзбек премьер-министрін киізүйде қарсы алды.
Baq.kz