Home Жаңалықтар KAZMEDPRIBOR басшысы: біздің компания туралы жалған ақпарат берген мекемемен соттасуға мәжбүрміз

KAZMEDPRIBOR басшысы: біздің компания туралы жалған ақпарат берген мекемемен соттасуға мәжбүрміз

99

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті өңір – Түркістан облысына барған болатын. Осы сапарында Президент аймақтың түрлі әлеуметтік-өндірістік нысандары мен рухани орталықтарының жұмысымен танысты. Атқарылып жатқан шаруаларға оң бағасын беріп, өңір жұртшылығымен кездескені ақпарат құралдарында жарияланды.

 


Айтайын дегеніміз бұл емес. Осы сапар барысында нақтыланбаған (жалған) ақпарат жарияланып, жергілікті кәсіпкерді аң-таң еткені еді.
Сонымен, таратып айтар болсақ, Президент аралаған кәсіпорындардың бірі – білім беру мекемелеріне арналған жиһаз шығаратын Аqniet Holding мекемесі болды. Бір қызығы, осы мекемемен KAZMEDPRIBOR компаниясы бірлесіп, медицина ұйымдарына арналған материалдар шығарыпты – мыс. Жарияланған ақпараттың толық мәтіні мынадай: « … Соңғы үш жылда компания 50-ге жуық мектепті жабдықтаған. Мұнда «Жайлы мектеп» стандартына сай жиһаздар, KAZMEDPRIBOR компаниясымен бірлесіп, медицина мекемелеріне арналған жабдықтар жасалады.» – делінген ақпараттық хабарламада. Ал, бұл жалған деректер Мемлекет басшысының ресми сайты «Ақорда.кз» ке және жергілікті әкімдіктің ақпарат құралдары мен медиа ресурстарына сол сәтте тарап кеткен. Ал, KAZMEDPRIBOR компаниясының басшылығы «Аqniet Holding» мекемесімен медицина ұйымдарына арналған жабдықтар жасамағанын айтып, редакцияға шыққан.
«… Біз өзіміз оны үлкен сайттың бетінен оқыған кезде таң қалдық. Бізбен бірлесіп жұмыс істейміз деп соғыпты. Біздің компанияның атына, беделіне нұқсан келтірді сөйтіп. Қоя салатындай нәрсе емес қой енді? Алда сотқа беріп, өтемақы талап етуіміз де мүмкін. Қазір осы жағын заңгерлермен ақылдасып жатырмыз.» – делінген мекеме басшысы Әсел Тұрғанбекованың ақпараттық хабарламасында.
Осылайша, компания директоры бұл істі соңына дейін жеткізіп, жалған ақпарат таратқан мекемемен құқықтық негізде есеп айырысатынын айтты.
Ал, заңгер, отставкадағы аға әділет кеңесшісі Дастан Дәулетияров, «… Бизнес субъектілеріне көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексiнің 274-бабы нормалары құзыретті органдармен және сот билігімен қолданылуы мүмкін» дегенді айтады.
Осы нормаға сай ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату бір мың айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.
Айтпақшы, KAZMEDPRIBOR компаниясының басшылығы жоғарыдағы ақпаратты таратқан БАҚ – на материалды терістеуі (опровержение) керек деген талап қойып отыр.

Алдыңғы жазбаТоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушыларды марапаттады
Келесі жазбаТоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады: “Демократия – үздіксіз жүретін үдеріс“