Катар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өндіруші елдер ұйымы – ОПЕК құрамынан шығады. Елдің жаңа энергетика министрі Саад аль-Кааби дүйсенбі күні осылай деп мәлімдеді. Министр халықаралық аренада елдің беделін көтергісі келетінін айтып, ОПЕК бұл жайлы біледі деп айтқан.
Қазіргі кезде ұйымға 15 мемлекет мүше. Ең ірісі – Сауд Арабиясы. Өткен жылы Сауд Арабиясы мен Катар арасындағы жағдай күрт ушыққан. 30 қарашада Ресей мен Сауд Арабиясы Аргентинада мұнай өндіру көлемін шектеу туралы “ОПЕК+” келісімінің күшін ұзарту туралы келіскен. Катардың ОПЕК-тен шығатыны сол оқиғадан кейін екі күннен кейін белгілі болып отыр.
Еске сала кететін болсақ, мұнай өндіруші мемлекеттердің бұл ұйымы 1960 жылы құрылды. Бұған: Алжир, Ангола, Венесуэла, Габон, Иран, Ирак, Конго, Кувейт, Катар (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап альянстан шығады) Ливия, Біріккен Араб Әмірлігі, Нигерия, Сауд Арабиясы, Экваторлық Гвинея және Эквадор секілді мұнай өндіретін 15 мемелкет кіреді.ОПЕК әлемдік мұнай қорының 2/3 пайызына бақылау жасайды. Ұйымға мүше елдердегі мұнай қоры шамамен 1199,71 миллиард баррел.