Home Жаңалықтар Эфиопияда болған әуе апатында БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапты – Жаһан

Эфиопияда болған әуе апатында БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапты – Жаһан

59

БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Эфиопиядағы әуе апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ұшақ бортында БҰҰ-ның 19 қызметкері болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйым сайтына сілтеме жасап.

«Бас хатшы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, оның ішінде БҰҰ қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ, Эфиопия үкіметі мен халқына шын жүректен көңіл айтады», – делінген БҰҰ басшысының баспасөз хатшысының мәлімдемесінде.

Қаза тапқан 19 адам БҰҰ мекемелерінің, оның ішінде көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі басқармасының, БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі және дүниежүзілік банктің бағдарламасының қызметкерлері. 

10 наурызда таңертең Ethiopian Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағы эфиопиялық Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта экипаждың сегіз мүшесін қоса алғанда 157 адам болған. Қаза болғандардың арасында – 35 елдің өкілі бар, олардың үшеуі ресей азаматы. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЭфиопияда 157 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады – Жаһан
Келесі жазбаЖамбыл облысында еңбекке жарамсыздық парақшалары QR кодпен беріле бастады – Ел жаңалықтары