Home Жаңалықтар Израильде зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны артты

Израильде зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны артты

36

Израиль мен Газа секторы арасындағы атысқұрбандарының саны өсіп барады. 5 мамырдаИзраиль полициясы атыс болып жатқан соңғыүш күн ішіндегі төртінші адамның қаза тапқанынхабарлады. Қаза тапқан азаматГаза секторынанАшдод қаласына атылған зымыран шабулыныңқұрбаны.

Израиль шабуылынан қаза тапқанпалестиналықтар саны, түрлі дерек бойынша, 16-дан 22-ге жетеді. Жүзден аса адам жараланған. Құрбандардың көбі қаруланған топтардыңмүшелері. Бірақ қаза тапқандар арасында бейбіттұрғындар бары туралы да дерек бар.

Соңғы үш күн ішінде ХАМАС радикал тобыныңбақылауындағы Газа секторы Израильді 600-ден аса зымыранмен атқылаған. Зымырандардың бір бөлігін зымыран тосуқұрылғысы ұстап қалғанымен, кейбірі тұрғынүйлерге тиген. Мыңдаған адам баспанасынтастап, қауіпсіз жерлерге көшуге мәжбүр болған.

Жауап ретінде Израиль Газаға да 300-ге тартазымыран атқылаған. Палестиналықтарзымырандар тұрғын үйлерге тиіп жатқанынайтқан. ХАМАС Израиль шабуылынан топтыңәскери құрылымдарының бірінің лидері ХамедАхмед әлХодаридің қаза тапқанын растады.

Еуроодақ атысты доғаруға шақырған. АҚШИзраиль жақтасатынын білдіріп, оның «қорғануғақұқылы» екенін айтты.

Алдыңғы жазбаТоқаев Ақордада кімдерді марапаттады?
Келесі жазбаТүркістандық көкөністер мен жемістер Татарстанға экспортталады