Home Жаңалықтар «Haq Alany» қоры «Real Haq Alany» жалпыұлттық Конгресін өткізді

«Haq Alany» қоры «Real Haq Alany» жалпыұлттық Конгресін өткізді

33
Кеше  Алматы  шаһарында «Haq Alany»  қоры «Real Haq Alany» жалпыұлттық Конгресін өткізді  деп  хабарлайды /tazael.kz/ ақпараттық  порталы.
Аталмыш  қордың  басшысы Тоғжан Қожалиеваның  айтуынша: «Конгрес өткізудегі мақсат –  бастамашыл азаматтар мен ұйымдарды біріктіру. Қазақстан экономикасының қиын жағдайда екені де құпия емес. Экологияға да зардап келуде.  Бұлардың барлығы түйткілді мәселелер, және еліміздегі милиондаған адамның көкейінде жүрген сұрақтар.  Сондықтан 2019 жылы азаматтық бастамалардың бірінші Конгресін өткізу бойынша бастамашыл топ қозғайтын конгрестің басты тақырыбы  – Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасы болды.
Конгресте әр қазақстандыққа қатысты мәселелер талқыланды.  Атап айтсақ, балалардың лайықты білім алуы, ірі қалалардғы экологиялық жағдай, медицина кадрларының проблемасы, ауылдықтарға ауыл шаруашылығы бизнесін қалыптастыру және дамытуға көмек көрсету»  дейді.
Конгреске белсенді азаматтар, Қазақстандағы үкіметтік емес ұйым басшылары, ҚР-дағы дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. Атап айтсақ, Тоғжан Қожалиева – HAQ қорының лидері, Азаматтық бастамалар коалициясының мүшесі, Марғұлан Сейсенбай – қоғам қайраткері, меценат, «Болашақтың мектебі тұжырымдамасы» бастамалар тобының ұйымдастырушысы, Олжас Құдайбергенов – экономист, Стартегиялық бастамалар орталығының әріптесі, Ажар Джандосова – табиғатты қорғау саласындағы қоғам қайраткері, Әсет Наурызбаев – қаржыгер, «KEGOC» АҚ экс-басшысы, табиғаты қорғау саласындағы қоғам қайраткері. Бұлардан  өзге  қоғамның  белсенді азаматтары, БАҚ өкілдері, қала  тұрғындары  және еліміздің  әр  түкіпрінінен келген  қонақтар  қатысты.
Алдыңғы жазбаСІМ: Гонконгтегі 142 қазақ студентінің жағдайы белгісіз
Келесі жазбаМәскеуді қорғап қалған кімдер?