Home Жаңалықтар Головкин жарнамадан қанша табыс табады? – Бокс

Головкин жарнамадан қанша табыс табады? – Бокс

87

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының тұжырымы бойынша танымал жүз спортшы рейтингіне енді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұрынғы рейтингпен салыстырғанда GGG бірнеше саты құлдилаған – 61-ші орыннан 78-ге.

Бұл рейтингті құрастыру кезінде спортшылардың жарнамадан түсетін табысы да есепке алынады. Осылайша, Головкин жарнамадан жылына 2 миллион доллар пайда көреді екен.

Салыстыру үшін – мексикалық Сауль «Канело» Альварес бұл рейтингте 68-ші орында тұр, ал жарнамадан жылына 2,5 миллион доллар доллар табыс көреді.

Бұл рейтингтің алғашқы үштігінде Криштиану Роналду, Леброн Джеймс және Лионель Месси тұр. Мұндағы ең көп табыс америкалық баскетболшыда – 52 миллион доллар.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаНазарбаев қазақстандықтарға үндеу жасайды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаНұрсұлтан Назарбаев жастарға үндеу жасады – Ел жаңалықтары