Home Жаңалықтар Ғасыр қасіреті! : Аққуды сұлатқан қандықол ұсталды

Ғасыр қасіреті! : Аққуды сұлатқан қандықол ұсталды

38

Шынымен де бұл – ғасыр қасіреті! Аққудың киесі бар деп сұлулығына тамсанып, адалдығына бас иетін адамзат үшін мына хабар тым суық болар ма? Иә, бүгін Қарағандылық полицейлер аққу атқан браконьерді қолға түсірді.

Жүрек жұтқан браконьер Шет ауданындағы аққулы мекенде алаңсыз жүзіп жүрген пәктіктің падишасын сұлатып түсірген. Браконьер сүйтіп Қарағанды қаласына бағыт алған. Сол екі ортада Қарағанды облыстық Полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөліміне «Қызыл кітапқа енген құс атылды!» деген суыт ақпарат түсті. Айтпақшы, қылмыскердің астында жол талғамайтын көлік болған. Ізінше полицейлер аталған көлік маркасын анықтау үшін трасса бойында кешенді тексеріс жүргізеді. Тәртіп сақшылары ол мінген темір тұлпарды қалаға кіре берісте аңғарады. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 31 жастағы қылмыскерді облыстың орталық көшесінде тоқтатып ұстайды.
-Оның машинасының жүк салғыш бөлігінен аққудың тушасы тәркіленді. Көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларына аққуды Шет ауданында атып алғаны туралы айғақ береді. Сол арада аталған дерек бойынша оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 «Заңсыз аң аулау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде,-дейді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Қазақстанның «Қызыл кітабына» 56 құс енген. Әлемдегі сирек кездесетін құстардың қатарында бақытттың жаршысы, пәктік пен сұлулықтың символы-аққу бар.

Айтбала Сүлейменқызы Қарағанды облысы

Алдыңғы жазбаӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа басшысы қанша жалақы алады?
Келесі жазбаҚазақстанда адамның ішкі органдарын саудалаған қылмыстық топ анықталып, 22 адам ұсталды