Home Жаңалықтар Францияда Нотр-Дам де Пари шіркеуі өртеніп, мұнарасы құлады

Францияда Нотр-Дам де Пари шіркеуі өртеніп, мұнарасы құлады

62
  1. 15 сәуірде Франция астанасы Париждегі НотрДам де Пари шіркеуінен өрт шықты. Жылына 13-14 миллион адам кіретін тарихи ғимараттыңтөбесі мен мұнарасы өрт басталған бірнешесағаттан соң құлады. Жапа шеккендер туралыдерек жоқ.

9 ғасыр Француз мәдениеті мен тарихыныңсимволы саналып келген шіркеуде өрттің неденшыққаны әзірге белгісіз. Өртті сөндіругежүздеген өрт сөндіруші күш салған.

16 сәуір күні түнде Франция ішкі істерминистрлігінің мемлекеттік хатшысы ЛорнаНуньес өрттің беті қайтқанын хабарлады. «Ғимарат құрылымын жойылудан аман алып қалдық. Дегенмен өрт сөндірушілер таңға дейінжұмыс істейді» деді ол.

Шіркеу төбесінің үштен бірі құлағанынақарамастан, ғимарат конструкциясының негізібөлігі аман қалған.

Өрт шыққан кезден бастап шіркеу маңындажүрген Франция президенті Эммануэль Макрон шіркеуді қайта қалыпқа келтіретінін айтты. Олғимарат реставрациясын жүргізуге қаржы жинауүшін халықаралық кампания жүргізуге уәде етті. Президент өртті «сұмдық трагедия» депатағанымен, «бұдан да ауыр болуы мүмкінжағдайдың алдын ала алдық» деді.

Нотр-Дам де Пари шіркеуінде Франция тарихында ең елеулі оқиғалар болған. Мұнда1302 жылы Францияның алғашқы парламентіқұрылып, 1572 жылы Маргарита де Валуа менболашақ король төртінші Генрих некелескен, 1804 жылы Наполеон Бонапартқа француз императоры ретінде тәж кигізу рәсімі өткен.

Алдыңғы жазбаҰлттық банк 304 миллион доллар интервенция жасады
Келесі жазбаНұр-Сұлтанда ондаған көп балалы ана баспана мәселесін шешуді талап етті