Футболдан Қазақстан құрамасынан қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев пен «Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко кетіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл екі ойыншы жарақатына байланысты Евро-2020 чемпионатының іріктеуі аясындағы Бельгия және Сан-Мариноға қарсы өтетін алдағы ойындарға қатыса алмайды. Олардың орнына шымкенттік «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов пен «Қайраттың» қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев келді.
Бельгия – Қазақстан ойыны маусымның 8-інен 9-ына—қараған түні Нұр-Сұлтан ауықытымен сағат 00:45-те Брюссельде басталады.
Ал 11 маусымда «Астана Аренада» Михал Билек шәкірттері Сан-Марино құрамасын қабылдайды. Бұл кездесу сағат 20:00-де басталады.
Айта кетсек, Бельгия құрамасы ФИФА рейтингінде көш бастап келеді, ал Сан-Марино рейтингтің соңында, 211-ші орында келеді.