Home Жаңалықтар Елордада жоғалып кеткен бармен өлі табылды

Елордада жоғалып кеткен бармен өлі табылды

33

Нұр-Сұлтан ПД қызметкерлері 6 қыркүйекте жоғалып кеткен 24 жастағы Әнуар Байзуровтың мәйітін тапты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 қыркүйекте сағат 13.30-да Қарқаралы тас жолының бойындағы Қосшы ауылына жақын жерде Әнуар Байзуровтың денесі табылған. Оны туыстары растады. «6 қыркүйекте үйден шығып, қайтып оралмаған Ә. Т. Байзуровтың орналасқан жерін анықтау үшін полиция департаментінің жеке құрамы жұмылған болатын. Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылықтың белгілері болған жоқ. Өлімнің себебі – тыныс алу жолдарының асфиксиясы деген болжам бар. Аталған дерек бойынша қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада. Соталды тергеу ҚР ҚК 105-бабы «өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша жүргізіледі.

Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Зачем мне казахский язык..»
Келесі жазбаӘблязовтың сыбайластарына ірі көлемде айыппұл салынды