Home Жаңалықтар Елімізде апта сайын қызылшаның 400 жағдайы тіркеледі – Денсаулық

Елімізде апта сайын қызылшаның 400 жағдайы тіркеледі – Денсаулық

47

1 сәуірде елімізде қызылшаға қарсы вакцинациялау басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта қызылшаға қатысты жағдай сол деңгейде. Апта сайын 400 жағдай тіркеліп отырады. 1 сәуірде вакцинациялау басталады. Оған дейін 20 наурызға қарай қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы үш валентті вакцина жүзеге асырылады. Вакцинациялау бірінші кезекте балаларға жүргізіледі. Мұндай әдісті осыған дейін де қолданғанбыз», – деді Бекшин үкімет отырысынан кейін.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, науқастармен жұмыс істеп жүрген медициналық қызметкерлерге де вакцинациялау жүргізіледі. Сондай-ақ, Бекшин елімізде былтыр қараша айынан бастап осы дерт бойынша шамамен 4 000 дерек тіркелгенін айтып өтті.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы тағайындалды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаБішкекте «гей-парад» өтті – Белсенділер – Жаһан