Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды, деп хабарлайды elbasy.kz. Нұрсұлтан Назарбаевқа «ЭКСПО-2017» көрмесінің мұралары және АХҚО құқықтық жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, Елбасына АХҚО Соты, Ағылшын құқығы академиясы, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО Ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаржы орталығы Биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті.
inform.kz