«Біздің жастарымыз білімді, үш тілді жетік меңгерген, еңбекқор, талапшыл. Өйткені еліміздің болашағы солардың қолында»
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Халықаралық «Фараби оқуларын» өткізу дәстүрге айналған. Осы тақырыптағы ғылыми – практикалық конференция филология факультетінде осымен алтыншы мәрте өткізілді. Ал, былтырғы өткізілген секциялық байқауда Іңкәр Базаркұлова өз бағын сынап, үшінші орыннан көрінген еді. Биылғы еңбегін ағылшын тілінде қорғап, өз мүмкіндігін, білімін көрсете білді. Әсіресе, мұндай байқаулар білім іздеген жастарға аудай қажет. Мұндай байқауларстуденттердің білімін жетілдіруіне, араласқан орталарында ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйретеді. Ең негізгісі олардың ғылыммен айналасуына кең жол ашады.
«Фармацевтикадағы модельдеудің маңызы» атты тақырыпта “Бәсекеге қабілетті маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жүйесіндегі шетелдер тілі” секциясында қорғаған жұмысы биыл екінші орынға лайықты деп танылды. Бұл жұмысты механика – математика факультетінің “Математикалық және компьютерлік моделдеу” мамандығында оқитын тобымдағы белсенді, білімді студенттер Базарқұлова Інкәр және Әбдіғали Жарықетпен бірге қатысқан, былтырғы тақырыпты тереңірек қарастырып, білімдерін көрсетуге тырысты. Осы тақырыпты таңдау себебі – 3-курста мамандығы биомедицина бағытын таңдамақшы. Алдағы уақытта да бұл тақырыпты кеңірек зерттеп, талдап, жалғастырмақ ойлары бар.
Филология факультетінің шетел тілі кафедрасының жетекшілігімен өткен секцияда қорғалған жұмыстар жайлы айтатын болсам, бұл жылғы жұмыстар жоғарғы деңгейде өтті дей алам. Студенттер алдыңғы жылға қарағанда біраз кемшіліктерін түзеп, ортада өздерін анағұрлым еркін ұстады, жұмыстары қызық болып, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Осындай өзгерістердің болуында филология факультетінің шет тілдер кафедрасының мұғалімдерінің үлесі зор деп ойлаймын.
Жалпы «Фараби оқулары» сияқты конференциялар көптеп өткізілсе, студенттерге пайдасы тиіп, ізденуге, зерттеуге себеп болатын қозғаушы күш болар еді.
К.Жұбанова, Б.Саяқова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ағаоқытушылары.