Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-да ақша жымқыру деректерін анықтады.
Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету деректерін анықтаған.
«Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 миллиард теңге болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.