Home Жаңалықтар Димаштың бірінші альбомы 37 секундта платина дискі болды

Димаштың бірінші альбомы 37 секундта платина дискі болды

121

Димаш Құдайбергеновтың iD деп аталатын жеке альбомын сатып алушылар қатары секунд сайын өсіп жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Бір сағат бұрын менің алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта 3 мәрте «платиналық» сатылым мөлшеріне шықты. Өте бақыттымын. Мені барлық бастамаларымды қолдап келе жатқан тыңдармандарыма көп рақмет! Менің табысым сіздердің арқаларыңызда», – делінген Димаштың Instagram-дағы парақшасында.


Музыкалық альбомға «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Оның шегі әр елде әрқалай екенін айту керек.

Шоу-бизнес қарқынды дамыған АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталатын көрінеді, ал көрішлес жатқан Ресейде 100 мыңдық сатылыммен өлшенеді.

Қазір оның репертуарындағы «Ой жайлау», «Қараторғай», «Ұмытылмас күн», «Еркелетейін» әндері жастардың жүрегіне жол тауып үлгерді.

Алдыңғы жазбаАлматының қай өзен-көлдеріне шомылуға болады
Келесі жазбаҚазақстанда жыл соңына дейін 4,4 мың шақырым жол жаңартылады