Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Любовь уставших лебедей» әніне түсірілген клипі «МузТВ» нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік клиптерінің тізіміне енді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Димаш Кудайберген | Eurasian Fan Club» парақшасында әншінің клипі жылдың үздік 100 клипіне енгені айтылады. «Димаш Құдайбергеннің «Любовь уставших лебедей» әніне түсірілген клип тізімде 24-орында тұр», – делінген хабарламада.