Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочидегі «Новая волна» байқауында өнер көрсетеді.
Орындаушы 24 тамызда байқаудың бірінші күні ән шырқайды. Қазақстандық әнші «Новая волна» сахнасына қонақ ретінде шақырылған. Сонымен қатар, алғашқы күні Филипп Киркоров, Анна Нетребко, Юсиф Айвазов, Maruv, Егор Крид, Ирина Аллегрова, Валерий Леонтьев, Дима Билан және басқалары өнер көрсетеді.
Айта кетелік, 2018 жылы Димаш Құдайберген A-Studio концертіне қатысып, кезінде Батырхан Шүкенов орындаған «Грешная страсть» композициясын айтқан.