Home Жаңалықтар Димаш алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт береді

Димаш алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт береді

48

Димаш Құдайберген алдағы үш айдағы Еуропа елдерінде өтетін концерттерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Arnau tour концерттерінде көріскенше», – деп жазды әнші instagram парақшасында. Белгілі болғандай, Димаш 16 ақпанда Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.

 

Алдыңғы жазбаПрезидент қаскөйдің қолынан қаза тапқан полицейді «Айбын» орденімен марапаттады
Келесі жазбаАлматыда қатты жер сілкінісі болуы мүмкін бе?