Home Жаңалықтар Денесі табылды. 18 жастағы студент қыздың өлімінің себебі анықталуда

Денесі табылды. 18 жастағы студент қыздың өлімінің себебі анықталуда

37

18 жастағы студент қыз Айгүл Амангелдінің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық ПД-не сілтеме жасап.

Қыздың денесі 19 мамырда сағат 17.30-да Талғар ауданының Белбұлақ ауылы жанындағы таулы жерден табылды.

– Туысқандары мәйітті таныды, денеден ешқандай зорлық-зомбылық іздері табылмады. Алдын-ала жорамал бойынша, қыз өзіне өзі қол салған болуы мүмкін. Өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды. Дерек бойынша ҚР ҚК 105 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды, – деп хабарлады полиция.

13 мамырда таңғы 9-да Алматы облысы, Белбұлақ ауылындағы (Мичурино) үйінен шыққан Айгүл С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетке соңғы емтиханын тапсыруға кеткен. Белгісіз себеппен ол оқу орнына келмеген. Сол күйі ұшты-күйлі жоғалған болатын. Ата-анасы полицияға арыз жазған еді.

Алдыңғы жазбаБелгісіз азамат Әсел Сәдуақасованың үйін раушан гүлдерімен көмкеріп тастады (фото)
Келесі жазбаГоловкин не істеу керек екенін біледі – Абель Санчес