27 тамыздан бастап ресми түрде Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы жылдамдық сағатына 80 шақырым болады деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Департаменттің әкімшілік полиция басқармасы мәлімдегендей, барлық дайындық жұмыстары атқарылған.
Жұмыстың техникалық бөлігі 26 тамыз күн кешке бітеді, ал 00:00-ден бастап жүргізушілер әл-Фараби даңғылы және Шығыс айналма жолымен сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүре алады.
Дегенмен, даңғылдың екі учаскесінде жылдамдық мөлшері сағатына 60 шақырым болып қала береді. Себебі, ол жерлерде қауіпті бұрылыстар бар және жол апатының қаупі жоғары.
Осылайша, сағатына 60 шақырым жылдамдық әл-Фараби даңғылының Бағанашыл ықшам ауданына бұрылатын учаскесінен Қошанов көшесіне дейінгі аумақта, сондай-ақ кіші Желтоқсан көшесі аумағында сақталады.
Сондай-ақ, Сайын көшесіндегі жылдамдық режимі сағатына 60 шақырым болып қала береді.
«Бұл көшедегі жол апатының қаупі жоғары учаскелері бойынша қосымша талдау жүргізіліп жатыр«, – деп хабарлады ведомстводан.
Полиция жол қозғалысы ережелері мен жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.