Home Жаңалықтар Бүгін Қазақстан мен Сан-Марино ойнайды

Бүгін Қазақстан мен Сан-Марино ойнайды

332

Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропачемпионатының іріктеу кезеңі аясында елордадаҚазақстан мен Сан-Марино кездеседі. 

Бұған дейін Қазақстан 8 маусымда БрюссельдеБельгиямен ойнап, 0:3 есебімен ұтылып қалғанболатын. 

Ал бүгінгі ойын сағат 20:00-де басталады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Михаил Билек бұл ойыннан тек жеңіс күтетінін айтты.

«Біз Бельгиямен ойынның алдында кімменкездесетінімізді білдік. Бұл құрама – әлемнің еңүздік командаларының бірі. Қарсылас әділеттітүрде жеңіске жетті. Ойыншыларға тағарайыбым жоқ. Жігіттер барынша тырысты, бірақ қарсылас мықты болып шықты. Ал Сан-Мариномен ойынмен ерекшілігі бар. Бұл жолыөзіміз көбірек шабуыл жасауға тырысамыз. Қарсылас соңғы ойында Ресейден ірі есеппенжеңілді. Осы жолы үш ұпайды өзімізде қалдыруүшін қалай да қарсыластан басым түсу үшінаянып қалмаймыз», — дейді Михал Билек. 

Айта кетейік, I тобында үш ойыннан кейін Бельгия 9 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші және үшіншіорында 6 ұпайы бар Ресей мен Шотландия болса, одан кейінгі сатыларда Қазақстан мен Кипрде бар. Екеуі де 3 ұпайдан жинаған. Бұлтопта ұпайы жоқ жалғыз құрама – Сан-Марино.

Бельгиямен ойынның алдында құрама сапындажарақаттарына байланысты Юрий Логвиненко, Азат Нұрғалиев, Дмитрий Шомко, БактиерЗайнутдинов қатардан шығып қалған болатын. Михал Билек Сан-Мариномен кездесуде Шомкокөмектесе алатынын айтып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгіннен бастапЕуропа чемпионаты-2020 жарысының аясындаөтетін квалификациялық футбол матчтарынаарнайы 4 Shuttle-Bus бағдарлары ұйымдастырылады. 

Бек ТӨЛЕУОВ

Алдыңғы жазбаЕрболат Досаев теңге бағамына әсер ететін факторларды атады
Келесі жазбаОңтүстік Қазақстан 150 жыл бұрын: мұрағаттық бірегей суреттер